2050 жылға қарай Алатау халқы 1,87 млн адамға жетеді – Арсений Пирожков

77
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SccCnYWcBHtdVD502VO9e3n0ouu3t4f1pDc0aFj4.webp

2050 жылға қарай Қазақстандағы жаңа Алатау қаласының халқы 1,87 миллион адамға дейін өседі деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар қалада шамамен 1 миллион жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Бакуде өткен WUF13 халықаралық форумында Almaty Region Master Plan компаниясының өкілі Арсений Пирожков мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Оның айтуынша, Алатау қаласының географиялық орналасуы экономикалық және туристік әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді. Қала маңындағы алты сағаттық қолжетімділік аймағында шамамен 1-2 миллиард адам тұрады.

«Біз осы мүмкіндікті пайдаланып, адамдарды жұмысқа, өмір сүруге және туризмге тартуды көздейміз», – деді Арсений Пирожков.

Компания өкілінің сөзінше, Алатау жобасы 15-20 жыл бойы әзірленген. Жобаның бастапқы мастер-жоспарын сингапурлық Surbana Jurong компаниясы жасаған.

Жоспарға сәйкес, жаңа қала төрт ауданнан тұрады. Әр ауданның өзіндік функционалдық бағыты болады. Бұл тәсіл қаланың инфрақұрылымын тиімді дамытуға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Алатау қаласы Қазақстандағы ірі урбанистикалық жобалардың бірі саналады. Билік өкілдері оны болашақта экономикалық, технологиялық және туристік орталықтардың біріне айналдыруды көздеп отыр.

Комментарии
Другие материалы