Құрбандыққа шалынатын мал бағасы қымбат па?

282
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/dtPUJFH7Y8TCfUdRzE2iOSDbcXSmrkiin2ha38XN.webp

Қарағандылықтар Құрбан айт қарсаңында құрбандыққа шалынатын мал бағасының күрт өсуіне алаңдаушылық білдіруде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы NewTimes.kz-ке сілтеп.

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде аймақтағы мал базарларындағы бағаның шарықтап кеткені қызу талқыланып жатыр. «Вечерняя Караганда» Telegram-арнасының мәліметінше, кейбір қойлардың бағасы 175 мың теңгеге дейін жеткен.

«Құрбан айт қарсаңында қой бағасы рекорд жаңартты. Бір бастың құны 100 мың теңгеден басталады. Ал ең жоғары баға тіпті шектен асып кетті», – дейді жергілікті тұрғындардың бірі. Тұрғындардың айтуынша, қазір шағын тоқтының өзі 80–100 мың теңгеден сатылып жатыр. Ал ірі әрі семіз мал үшін сатушылар 150–175 мың теңге сұрайды.

Сарапшылар мұндай қымбаттауды мереке алдындағы сұраныстың артуымен және алыпсатарлардың белсенділігімен байланыстырады.

Еске салсақ, 2026 жылы Құрбан айттың алғашқы күні 27 мамырға, сәрсенбіге сәйкес келеді.

 

Комментарии
Другие материалы