Мемлекеттік мектептерде директор лауазымына 438 бос орын бар

176
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/nX1nYc3evZiK98mvKqQ9GNzWiZlY4G3pECkOnN2u.jpg

Елдегі мемлекеттік мектептерде директор лауазымына 438 бос орын бар. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева депутаттық сауалға берген жауабында мектеп директорлары арасындағы кадр тапшылығына қатысты статистиканы жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Министрдің мәліметінше, соңғы үш жылда мектеп директорларының бос орындары кезең-кезеңімен азайып келеді. Мәселен, 2024 жылы – 935, ал 2025 жылы – 830 бос жұмыс орны тіркелген.

"Қазіргі таңда мемлекеттік мектептерде 438 директорлық лауазым бос тұр", – делінген жауапта.

Кадр тапшылығының басым бөлігі ауылдық мектептерге тиесілі. Атап айтқанда, 385 бос орын – ауыл мектептерінде, ал 53 вакансия – қалалық мектептерде.

Сондай-ақ Аида Балаева мектеп директорларын іріктеу және тағайындау мәселелері өңірлердегі көшпелі кеңестерде қаралғанын атап өтті.

Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігіне шағын жинақты мектеп директорлары үшін біліктілік талаптары мен ротация мерзімдерін қайта қарау тапсырылған.

Бұған дейін мемлекеттік мектептер, жоғары оқу орындары мен медициналық ұйымдар басшыларын конкурстық негізде іріктеу жоспарланып отырғаны хабарланған еді.

Комментарии
Другие материалы