Тағы бір оқушы ҰБТ-да ең жоғары ұпай жинады

183
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/JL4BA3X0fMWMXblptv7AXJvmMduvBHtNYdLXfNzX.webp

Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир 2026 жылғы негізгі ҰБТ-да ең жоғары нәтиже көрсетіп, 140 балл жинады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Талапкер тестілеуді 26 мамыр күні Павлодар қаласындағы аймақтық тестілеу орталығында тапсырған. Ол «Математика–География» пәндер комбинациясын таңдап, бес пән бойынша максималды нәтиже көрсетті.

Әсет Альтаир — Павлодар қаласындағы №7 жалпы орта білім беру мектебінің түлегі. Түлек өз сөзінде ҰБТ-ға дайындықты 11-сыныптың басында жүйелі түрде бастағанын айтты.

«Мен 11-сыныптың басынан бастап ҰБТ-ға жүйелі түрде дайындала бастадым. Дәл сол кезде болашақ мамандығымды нақты таңдадым. Алдағы уақытта Maqsut Narikbayev University университетіне “Менеджмент” мамандығына оқуға түсуді жоспарлап отырмын. ҰБТ-ға дайындық барысында қолдау көрсетіп, жігер берген ата-анама және ұстаздарыма алғысымды білдіремін», – деді ол.

Министрлік мәліметінше, негізгі ҰБТ басталғалы екі апта ішінде 92 мыңға жуық тестілеу әрекеті тіркелген. Шекті балды талапкерлердің 65 пайызы жинаған.

Бес пән бойынша орташа нәтиже 63 балды құрады. Сонымен қатар негізгі ҰБТ-ға қатысу үшін 240 мыңға жуық талапкер екі мүмкіндік бойынша жалпы саны 446 мыңнан астам өтініш берген.

Комментарии
Другие материалы