Көктөбе телемұнарасына найзағай түсті

196
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/p2Lz2Zbt0zE6Li33hS1ECiokBoCp5LervVdTYDA4.webp

Алматыда күн күркіреп, найзағай ойнаған кезде Көктөбе телемұнарасына найзағай түскен сәт бейнежазбаға түсіп қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews-қа сілтеп.

Оқиғаны Әл-Фараби даңғылымен келе жатқан жүргізуші видеотіркегіш арқылы түсіріп алған. Бейнекадрларда найзағайдың тікелей Көктөбе телемұнарасына түскені анық көрінеді.

Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, аталған оқиғаға байланысты «112» және «101» желілеріне ешқандай хабарлама түспеген.

Осыған байланысты құтқарушылар қолайсыз ауа райы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Мамандар қатты жел, найзағай немесе бұршақ кезінде мүмкіндігінше берік ғимарат ішінде болған жөн екенін ескертеді. Сондай-ақ ағаштардың, жарнамалық қалқандардың және тұрақсыз конструкциялардың астында паналамауға кеңес береді. 

Жүргізушілерге нөсер мен найзағай кезінде жол жиегіне тоқтап, көлікті ағаштар мен әлсіз бекітілген нысандардан алыс жерге қою ұсынылады. Ал найзағай кезінде су айдындарының маңында болудан, шомылудан және балық аулаудан бас тартқан дұрыс.

 

Комментарии
Другие материалы