Шерзат Полат ісінен кейін қызметінен босатылған полицей жаңа лауазымға тағайындалды

81
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/NXlSCPDdVTVY8JWOjS4cGD0N8DQWiKDnDLmPc8sI.jpg

Алматы облыстық ПД бастығының бұрынғы бірінші орынбасары Серік Шалқаров жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол Ақтөбе облысы ПД бастығының бірінші орынбасары қызметіне кірісті. Бұл ақпаратты өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Шалқаров 2024 жылдың күзінде Талғарда 16 жастағы Шерзат Полаттың қазасынан кейін тергеу барысына қатысты түсініктеме берген. Қоғамдық резонанс пен құқық қорғау органдарының жұмысына айтылған сыннан кейін ІІМ өңірде бірқатар кадрлық өзгерістер жүргізіп, соның нәтижесінде Серік Шалқаров өз қызметінен босатылған еді. Министрлік бұл шешімнің қылмыстық топтарға қолдау көрсетуге қатысты айыптаулармен емес, оқиғадан кейін анықталған қызметтік кемшіліктермен байланысты қабылданғанын мәлімдеген.

Комментарии
Другие материалы