Өзбекстан-Португалия матчы. Ойын осылай аяқталды

269
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/9SzS3GU4jgOUfyzMH51zuoKYyHAo8PllhVtTlFZ8.webp

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасы ФИФА-ның лайв-рейтингінде екі сатыға төмендеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ел құрамасы 58-орынға түсті. Команданың еншісінде қазір 1432,84 ұпай бар.  

Фабио Каннаваро жаттықтыратын ұжым топтық кезеңдегі екінші матчында Португалиядан 0:5 есебімен жеңіліп, 11,64 рейтингтік ұпайынан айырылды.  

Бұған дейін K тобындағы алғашқы кездесуде Өзбекстан Колумбияға 1:3 есебімен есе жіберіп, тағы 14,25 ұпай жоғалтқан еді. Соның салдарынан команда әлем чемпионатындағы екі матчтан кейін жалпы 25 ұпайдан астам жоғалтып, ФИФА рейтингіндегі орнын сегіз сатыға төмендетті.  

Өзбекстан құрамасы топтық кезеңдегі соңғы ойынын 28 маусым күні Конго құрамасына қарсы өткізеді. Команданың плей-оффқа шығу мүмкіндігі әлі де сақталып отыр.  

Комментарии
Другие материалы