Парашютшілер мінген ұшақ апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты

136
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/jHUMMsqfrbreF35zvqEdmu1LigFlkE71C9xZoQqg.jpg

Францияның солтүстік-шығысындағы Томблен қаласында ұшақ апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті басылым жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Мәлімет бойынша, апатқа ұшыраған ұшақ парашютшілерді даярлайтын мектепке тиесілі болған. Бортта ұшқыш, бес нұсқаушы және бес курсант отырған. Өкінішке қарай, апаттан аман қалған ешкім жоқ.

CNN басылымынң жазуынша, әзірше әуе апатының нақты мән-жайы жарияланған жоқ. Билік өкілдері ұшақтың қандай себеппен құлағанын және апаттың ұшудың қай кезеңінде болғанын хабарламады. Оқиға орнында төтенше жағдай қызметтері жұмыс істеп, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Қайғылы оқиғаға байланысты Францияның ішкі істер министрі Томблен қаласына аттанды. Ол құтқару және тергеу жұмыстарының барысымен танысып, жергілікті билік өкілдерімен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Әуе апатының себептерін Францияның тиісті тергеу органдары анықтайды. Мамандар ұшақтың техникалық жағдайын және апатқа әкелуі мүмкін барлық ықтимал себептерді жан-жақты зерттемек.

Комментарии
Другие материалы