Литва Ресей елшісіне наразылық нотасын табыстады

364
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/RKMUic1IzfnS7AvJb9aoNaWA1ebICDLMHDjFALmR.webp

Литваның Сыртқы істер министрлігі Ресей дипломатын шақырып, Украинаға жасалған соңғы жаппай шабуылдарға байланысты наразылық нотасын табыстады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Report-қа сілтеме жасап.

«Министрлік Ресей дипломатын Киев пен Украинаның басқа өңірлерінде бейбіт тұрғындардың қаза болуына әкелген соңғы жаппай шабуылдарға байланысты наразылық нотасын табыстау үшін шақырды. Сонымен қатар Литва тарапы Ресей Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің Балтық елдеріне қарсы бағытталған жалған мәлімдемелерін жоққа шығарды», – делінген хабарламада.

Литва Сыртқы істер министрлігі 6 шілдеден 7 шілдеге қараған түні Ресейдің Украинаға жасаған шабуылы салдарынан кемінде 27 бейбіт тұрғынның қаза тауып, шамамен 100 адамның жараланғанын еске салды.

Комментарии
Другие материалы