Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты

102
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/CfZUQ7WTfxVwHPwfxrXRdEppbvufODskJ6BuHWfM.jpg

2025 жылғы мамырда үш жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты. Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты растап, Қожағапановтың сот шешімімен мерзімінен бұрын босатылғанын мәлімдеді, деп хабардайды "Адырна".

Комитеттің хабарлауынша, сот оның жазасының өтелмеген бөлігін айыппұлмен алмастыру туралы шешім қабылдаған.

«Жазаны ауыстыру, шартты түрде мерзімінен бұрын босату және үкімнің орындалуына қатысты өзге де мәселелер бойынша материалдарды қарау және шешім қабылдау тек сот органдарының құзыретіне жатады», – деп түсіндірді ҚАЖК.

Еске салсақ, 2024 жылғы наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ерлан Қожағапановты ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұстаған болатын.

Кейін оның ісі сотқа жолданды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаевтың айтуынша, іс бойынша келтірілген шығын көлемі 1 миллиард теңгеден асқан.

2025 жылғы мамырда сот Ерлан Қожағапановты кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған еді.

Ерлан Қожағапанов әр жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары, Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, Қазақстан футбол федерациясының президенті, Мәдениет және спорт вице-министрі, Алматы әкімінің бірінші орынбасары, Премьер-министрдің кеңесшісі және «Астана» футбол клубы директорлар кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған.

Комментарии
Другие материалы