Тарихта алғаш рет. Халықаралық қылмыстық соттың бас прокуроры қызметінен босатылды

176
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OGRiTEE1kJc7aeRLTadSdFfrDpu0bndnvj39yCnl.webp

Халықаралық қылмыстық сотқа мүше мемлекеттер Ассамблеясы көпшілік дауыспен ұйымның бас прокуроры Кәрім Ханды қызметінен босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы БҰҰ хабарлаған. Мұндай жағдай сот тарихында алғаш рет орын алды.

Прокурорды қызметінен босату туралы шешім 125 елдің қатысуымен өткен жабық дауыс беру барысында қабылданған. Оған Кәрім Ханға қатысты жүргізілген жыныстық сипаттағы қысым көрсету айыбы бойынша тергеу себеп болған. Ассамблея төрағасының хабарлауынша, мүше мемлекеттердің 82-сі Кәрім Ханның қызметтік міндеттерін өрескел бұзғанын және ауыр іс-әрекеттерге барғанын мойындап, оны қызметтен кетіруді қолдаған. Тәуелсіз сарапшылардың есебінде де бұрынғы прокурор тарапынан елеулі заңбұзушылықтарға жол берілгені расталды. 

Ал экс прокурор өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтқан.

Халықаралық қылмыстық сот ассамблеясы жақын арада жаңа бас прокурорды сайлау процесін бастайды.

Комментарии
Другие материалы