Өскеменде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз жоғалып кетті

209
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/0zCfuu6EpgqYf6BxxwehJma1L1VOQfjzlyENEQxC.jpg

Өскемен қаласында әскери борышын өтеп жүрген 2004 жылғы сарбаз жоғалып кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Өскемен гарнизоны әскери полиция бөлімінің мәліметінше, оқиға 23 шілде күні сағат 06:30 шамасында болған. Қатардағы жауынгер Мархан Айқын Ерланұлы тәуліктік наряд құрамында кезекші қызметін атқарып жүрген кезде қызмет орнын өз еркімен тастап кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, әскери бөлім аумағынан шыққан кезде сарбаз әскери формада болған. Алайда ведомство өкілдері кейіннен оның азаматтық киімге ауысуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Әскери полицияның мәліметінше, іздестіріліп жатқан сарбаздың бойы – 177 см, салмағы – шамамен 80 кг, дене бітімі – орташа, көзі мен шашы – қара, шашы қысқа, бетінде меңдері бар.

«Әскери полиция бөлімі ішкі істер органдарымен бірлесіп іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы азаматтарынан әскери қызметшінің жүрген жері туралы қандай да бір мәлімет белгілі болған жағдайда хабарлауды сұрайды. Берілген ақпараттың құпиялылығы сақталады. Іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полиция бас басқармасы бақылауында»,- делінген хабарламада.

 

Комментарии
Другие материалы