Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемді Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің премьер-министрі қызметіне кірісуімен құттықтады. Бұл туралы бүгін, 27 шілдеде Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынас деңгейі жоғары екенін атап өтіп, екі ел халықтарының мүддесі үшін саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту бағытында бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемнің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, достас Біріккен Корольдік халқына бақ-береке тіледі.
Еске салайық, Ұлыбритания өзінің премьер-министрін соңғы 10 жылда 7-ші рет ауыстырған еді. 21 шілдеде Энди Бернем қызметіне ресми кірісіп, жаңа үкімет құрамын жасақтаған болатын.
