Апта қорытындысы: сарапшылар «Әділеттің» кадрлық әлеуеті мен саяси бағытын талқылады

162
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/5uPDY5xAJGRoMAzIkQvO9fffy2zdoOJWFfoYd7rv.jpg

Құрылтай депутаттарын сайлау алдындағы науқан басталғаннан кейін сарапшылардың назары партиялардың сайлауалды бағдарламаларына ауды. Алғашқы аптадан – ақ «Әділет» партиясының «Әділетті болашақ үшін» атты бағдарламасы кеңінен талқыланды. Белгілі саясаттанушылар, экономистер мен салалық сарапшылар құжатты жан-жақты саралап, оның мазмұнын таразылады. Көпшілігінің пікірінше, осы сайлауда «Әділет» партиясының бәсі басым. 

Саясаттанушы Газиз Әбішев «Әділет» партиясын осы саяси маусымның фавориті деп атап, оның кадрлық құрамы мен әлеуетіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, партияның сайлау тізіміне мемлекеттік басқару ісінде тәжірибесі мол мамандармен қатар, заңгерлер, сондай-ақ металлургия, энергетика және агроөнеркәсіп кешенінде еңбек етіп жүрген кәсіби мамандар енген.

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев құжаттың мазмұнына, алға қойған мақсаттарының ауқымына және онда көзделген міндеттердің Мемлекет басшысының стратегиялық бағытымен сабақтасатынына назар аударды.

«Кез келген партияның жеңіске жетуі үшін үш нәрсе қажет: ресурстық әлеует, білікті кандидаттар құрамы және салмақты бағдарлама. «Әділет» партиясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағытын негізге ала отырып, қоғамдағы әлеуметтік сұраныстарға жауап беруге ұмтылған», – деді ол.

Сарапшылар партия бағдарламасының басты ерекшелігі ретінде оның популистік уәделерден гөрі мемлекеттік институттарды нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, шынайы нәтиже шығаруға басымдық бергенін айтады. 

Саясаттанушы Әділ Кәукенов бағдарламаның осы қырын ашып айтты. 


«Бағдарламада ең алдымен құндылықтар мен мемлекеттік институттарға басымдық берілген. Бұл бірден көзге түседі. Авторлар Қазақстанның басты мәселесі ресурстың тапшылығында емес, мемлекеттік институттардың сапасы мен саяси мәдениетте екенін айтқан. Әділеттіктер ұрандатқан уәделердің орнына мақсатты көрсеткіштерді ұсынған. Бұл олардың сайлаушылармен ашық сөйлесуге дайын екенін көрсетеді. Сондай-ақ партияның өз міндеттемелері үшін жауапкершілік алуға әзір екенін аңғартады», – деді ол.

Саясаттанушы Ислам Кураев та жауапкершілік мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, бағдарламада әр міндеттің орындалу межесі нақты көрсетілген. 

«Бағдарламада жеті флагмандық мақсат пен 10 бағдарламалық бағыт айқындалған. Әрқайсысы нақты көрсеткіштермен берілген: 1 миллион жұмыс орны, тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін жан басына шаққанда 30 шаршы метрге дейін жеткізу, орташа өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін арттыру. Осылайша, «Әділет» партиясы өзіне жүктелетін саяси жауапкершілікті күшейте түсті. Бағдарламада жекелеген басшыларға тәуелді жүйеге емес, орнықты мемлекеттік институттарды дамытуға басымдық берілген.», – деді ол.   

Өз кезегінде саясаттанушы Қазбек Майгелдинов бағдарламадағы ашықтық пен есептілікке қатысты ұстанымдарға тоқталды.

«Партия мемлекеттік басқарудың сапасы нақты бір басшыға тәуелді болмауы керек деген ұстанымды қолдайды. Яғни жүйе жекелеген тұлғаларға емес, орнықты мемлекеттік институттарға сүйенуі тиіс. Сонымен қатар партия бағдарламаның әр тармағының орындалуы туралы цифрлық панель арқылы ашық есеп беруді жоспарлап отыр. Бұл партия қызметінің ашықтығын арттыра түседі», – деді ол.

Сарапшылар экономикалық бағыттағы ұсыныстардың шикізатқа тәуелді модельден өндірісті әртараптандыруға, терең өңдеуді дамытуға және мемлекеттік институттардың сапасын арттыруға басымдық беретінін атап өтті.

Qazaq Expert Club экономисі Саида Тілеуленова де бұл ұстанымның қазіргі әлемдік үрдістермен үндесетінін айтты.

«Бағдарламаның экономикалық бағыты әлемдегі экономикалық даму үрдістеріне сай келеді. Онда экономиканың сандық өсімінен гөрі, сапалы дамуына басымдық берілген. Сонымен қатар жеке меншік құқығын қорғау, адал бәсекелестікті дамыту, монополиямен күрес және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері қамтылған. Сондай-ақ экономиканың шикізат секторына тәуелділігін азайтуға ерекше мән берілген», – деді ол. 

Өнеркәсіп саласына қатысты ұсыныстарға тоқталған салалық сарапшы Нұрлан Жұмағұлов партия бағдарламасын Үкіметке дайын жұмыс жоспары деп бағалады. 

«Бағдарламаның негізгі ұстанымы – шикізатты экспорттаудан оны терең өңдеуге көшу. Құжатқа сәйкес, 2030 жылға қарай жұмыс істеп тұрған үш мұнай өңдеу зауытының қуатын жылына 18 миллион тоннадан 30 миллион тоннаға дейін жеткізу көзделген. Бағдарламаның энергетика бөлімі жалпылама ұрандардан гөрі Үкіметке арналған нақты міндеттер тізбесіне көбірек ұқсайды. Онда нақты өндірістік қуаттар, мерзімдер және салалық көрсеткіштер айқындалған», – деді ол. 

Сарапшылардың пікірін түйіндей келе, әлеуметтанушы Жақсыбек Жиенәлиев мен саясаттанушы Эдуард Полетаев «Әділет» партиясының бағдарламасы әлеуметтік көмекті кеңейтуге емес, кәсіпкерліктің, индустрияның және адами капиталдың дамуына жағдай жасайтын стратегиялық бағыттарды қамтитынын айтты. 

Сарапшылар қауымдастығының пікірінше, «Әділет» партиясының бағдарламасы сайлауалды науқанындағы саяси талқылаудың деңгейін көтерді. 

Дайындаған: 

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Комментарии
Другие материалы