Tarlan Astana станцияларында бірнеше құқық бұзушылық тіркелген

270
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/4tajbkN7LLi3b5f7PhU6zwEu5zbhIKtEr762dwSv.jpg

Астанадағы Tarlan Astana LRT станцияларында қоғамдық тәртіпті сақтау және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстар күшейтілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, көлік прокуратурасы мен көлік полициясының қызметкерлері бірлесіп, станцияларда жолаушыларға қауіпсіз жүріп-тұру қағидаларын түсіндіріп, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік туралы ақпарат беріп жатыр. Сонымен қатар азаматтарға құқықтық кеңес беріліп, арнайы ақпараттық жадынамалар таратылуда. Ведомствоның хабарлауынша, Tarlan Astana LRT іске қосылған күннен бастап барлық станциялар мен пойыздарда көлік полициясының қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік атқарып келеді.

Осы уақыт ішінде жолаушылардан түскен 34 өтініш қаралып, 10 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша материал рәсімделген.

Сондай-ақ көлік полициясының қызметкерлері жолаушылар жоғалтып алған 113-тен астам затты иелеріне қайтарды. Олардың қатарында ұялы телефон, сөмке және өзге де жеке заттар бар.

Құзырлы органдар жолаушыларды қоғамдық орындардағы тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.

Комментарии
Другие материалы