Енді ескі үйлерді де кепілге қоюға болады. Отбасы банкте жаңа талап

216
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ighlN0kzykaQzj7FITf0uUa9qbUQTNJlZOVb5vvH.webp

Отбасы банк ескі панельді және жеке үйлерге ипотека беру талаптарын жаңартты, деп хабарлайды "Адырна".

Жаңа талаптарға сәйкес, енді бетон және керамзит-бетон негізіндегі панельді үйлердегі пәтерлерді кепілге қоюға болады. Несие алуға өтінім берген кезде мұндай үйдің пайдалануға берілгеніне 60 жылдан аспауы керек. Бұған дейін бұл мерзім 50 жыл болатын.

Сонымен қатар Отбасы банк кепіл ретінде қабылданатын жеке тұрғын үйлердің тізімін кеңейтті. Енді құрылыс компаниясы салған СИП-панельді жеке үйлерді де кепілге қоюға болады. Бірақ нысанның пайдалануға берілгеніне бес жылдан аспауы тиіс.

Мұндай үйлерге қосымша талаптар қойылады. Атап айтқанда, СИП-панельдердің сәйкестік сертификаты болуы қажет. Үйдің іргетасы темірбетон плиталары, бетон немесе бут тасы сияқты суға төзімді материалдардан салынуы керек.

Бұдан бөлек, үйдің ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары толық аяқталып, барлық қажетті инженерлік желілерге – сумен жабдықтау, жылыту, кәріз және электр жүйелеріне қосылуға тиіс.

Комментарии
Другие материалы