Түркістанда қағаз және картон қалдықтарын қайта өңдейтін зауыттың құрылысы басталды

174
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/zc0u1xItiMKDRuYA1sU9ZwWls2oFs1cppaNf9Sxc.webp

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Ордабасы ауданына барып, Шұбар ауылында орналасқан «QAGAZPROM» ЖШС-нің қағаз және картон қалдықтарын қайта өңдейтін зауыттың капсуласын салу рәсіміне қатысты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жобаның инвестициялық құны 1 млрд теңгені құрайды. Нысан 5 гектар аумақта орналасқан. Жоба іске қасқан жағдайда 20 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.

«Зауыт жылына 5 875 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Атап айтсақ, мұнда тәулігіне 190 мың дана жұмыртқа лотогы, стақан ұстағыш және аяқ киім картоны сынды өнімдер шығарылады деп жоспарлануда. Өндірілген өнімнің 70 пайызы ішкі нарыққа, қалған 30 пайызы сыртқы экспортқа бағытталады»,– делінген хабарламада. 

Бүгінгі күні нысанда іргетас қалау және қазаншұңқырды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін зауыт ғимаратын жеңіл металл конструкциялар мен сэндвич-панельдерден тұрғызу жоспарланған. Әкімдік мәліметінше, қажетті құрал-жабдықтар Қытайдан әкелінуде.

Комментарии
Другие материалы