Ақмолада жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

318
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/IdoGVDWAmAMdmSAYmQVIrKXPzysTOMd9f6C6i7tW.jpg

Ақмола облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты. Бұл туралы өңірлік полиция айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қайғылы оқиға 12 тамыз күні Көкшетау–Атбасар автожолының 16-шақырымында болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Mini Cooper маркалы автокөліктің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Audi маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Audi жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Mini Cooper автокөлігінде болған тағы үш адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді»,– делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. ПД мәліметінше, қарсы жолаққа шығып кеткен Mini Cooper жүргізушісі ұсталған.

Комментарии
Другие материалы