Қазақ мұнайының Еуропаға жолы. Астана мен ЕО экспорт бағытын пысықтады

211
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/oRQzBNEoxTnUzhWzs8Pj7wVnZTJ5JsqC3QulHAAN.webp

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Еуропалық дипломатия басшысы Кая Каллас телефон арқылы сөйлесіп, энергетикалық ынтымақтастық пен энергетикалық ресурстарды жеткізу инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды "Адырна".

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, тараптар 23 маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельге жасаған сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдерді талқылаған.

Әңгіме барысында екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары, сондай-ақ алдағы екіжақты және көпжақты кездесулердің кестесі қаралды.

«Энергетика саласындағы өзара іс-қимылға және энергетикалық ресурстарды жеткізудің халықаралық инфрақұрылымын, оның ішінде Каспий құбыр консорциумы (КҚК) аясында одан әрі дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды», – делінген хабарламада.

Тараптар серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растап, ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын кеңейтуге өзара бейілділігін білдірді.

Комментарии
Другие материалы