Атырауда ер адам пойыз астына түсіп қаза тапты

73
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/fflBCIwivV5af1FT3hyrv2pCXcVYdzohlpgsjtV7.jpg

Атырау облысында ер адамның пойыз астына түсіп, көз жұмуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір полиция қайғылы оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды "Адырна".

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, 13 тамызда Атырау станциясындағы Көліктегі полиция бөлімі теміржол көлігінің қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Аталған жағдай абайсызда адам өліміне әкеліп соққан.

«Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады ведомство.

Полиция тергеуге қатысты өзге ақпаратты әзірге жариялаған жоқ. Ведомствоның түсіндіруінше, бұл ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Комментарии
Другие материалы