Өзбекстан екінші АЭС салуға кіріспек

139
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SA9tTMNU5UpjMBu4aETjERchShfAa1JzpbKwoxgk.webp

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев елде екінші АЭС салуға қатысты «ауқымды дайындық» жүріп жатқанын алғаш рет көпшілік алдында мәлімдеді. Бұл туралы Gazeta.uz жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мирзиёевтің айтуынша, энергетиканы дамыту инвесторларды тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етіп, оның құнын төмендету үшін қажет. Қазіргі уақытта алғашқы АЭС Жизақ облысында салынып жатыр.

«Біз қандай реформалар жүргізіп, қандай жобаларды жүзеге асырып жатқанымызды өздеріңіз көріп отырсыздар. Бір кездері Жизақта атом электр станциясы болады деп елестете алар ма едік?» – деді ол.

Одан әрі Мирзиёев тағы бір АЭС жобасына дайындық жүріп жатқанын айтты.

«Бүгін сіздерге бір құпияны айтайын. Жақын арада екінші станция бойынша да ауқымды дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», – деді Мирзиёев.

Оның айтуынша, әзірге екінші АЭС-тің салынуы мүмкін орны, қуаты және жобаны іске асыру мерзімі жарияланған жоқ.

Комментарии
Другие материалы