Алматы Арбатында «Яндекс Музыка» музыкалық студиясы ашылды

216
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ERUZAqto4XtQafSVQn65wPhSMwI2S2mv3KdGDqAn.png

Арбатта «Яндекс Музыка» сервисінің көпшілікке ашық музыкалық «Go студиясы» жұмысын бастады.

 Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған жоба 20 тамыздан 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

32 күн ішінде студия сахнасында 37 әртіс өнер көрсетеді. Күндіз музыканттар жаңа музыкалық шығармалармен жұмыс істесе, кешке көрермендерге жанды қойылымдар ұсынады.

Жобаға V $ X V PRiNCE, ALEM, A.Z., KABDOL, M’Dee, Yenlik, Ayau, ALPHA, AYREE, Moreart, Liili, IL’HAN және басқа да орындаушылар қатысады. Сондай-ақ Оңтүстік Кореядан келген K-pop әртісі Chrich арнайы қонақ ретінде өнер көрсетеді. Ол қазақстандық Bonapart орындаушысымен бірге бірлескен трек жазбақ.

Музыкалық студияның алғашқы қатысушыларының бірі — hatikoali. Әртіс 20-22 тамыз аралығында өзінің жаңа «INDI/GO» альбомымен жұмыс істейді.

Арбатқа келген қонақтар альбомның жазылу барысын бақылап, контент түсіріп, болашақ шығармалардың релизге дейінгі демоверсияларын тыңдай алады.

hatikoali-дің айтуынша, «IndiGO» атауы көк пен күлгін түстердің арасындағы индиго түсімен байланысты. Бұл орындаушының шығармашылық жолындағы өтпелі кезеңін бейнелейді.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, «Go студиясы» музыкалық шығармалардың қалай дүниеге келетінін көрерменге тікелей көрсетуге бағытталған. Қонақтар алғашқы идеядан бастап вокал жазуға және дайын шығарманың жанды орындалуына дейінгі процесті бақылай алады.

Комментарии
Другие материалы