Жиынға «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қуаныш Шақшақов, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, қоғамдық және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, Журналистер клубының мүшелері, сарапшылар, жастар және қоғам белсенділері қатысты.

Ақмола облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Абылайхан Төлеубай өңірдегі этносаралық келісімді нығайту бағытындағы ақпараттық жұмыстар туралы айтып өтті.

«Вайнах» шешен-ингуш қоғамының төрағасы Герихан Яндиев аға буынның тәжірибесі мен дәстүрлерінің қоғамдық келісімді сақтаудағы рөліне тоқталды.

Сонымен қатар жастар бастамалары, Аналар кеңесінің жас ұрпақпен жұмысы, қоғамдық тұрақтылық және БАҚ-тың этносаралық келісімді нығайтудағы рөлі талқыланды.
Жиын соңында қатысушылар пікір алмасып, елдегі бірлік пен келісімнің қоғам дамуы үшін маңызын атап өтті.
