Құрылтайдың келісімімен. Қайта тағайындалғандар Үкіметі жасақталды

697
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SKF87nzeAhPYe9xED58pRkfxkoUKLGxU8Pv7Exhm.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады. Қаулы бүгін, 3 қыркүйекте Ақорда сайтында жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Тағайындалғандар:

Серік Жұманғарин – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі;

Жаслан  Мәдиев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі;

Нұрлыбек Нәлібаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;

Қанат Бозымбаев –Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Мәди Такиев – Қаржы министрі;

Нұрлан Сауранбаев – Көлік министрі;

Ерлан Сәрсембаев – Әділет министрі;

Мұрат Мұханов –  Төтенше жағдайлар министрі;

Ерлан Ақкенженов –  Энергетика министрі;

Ерсайын Нағаспаев – Өнеркәсіп және құрылыс министрі;

Жұлдыз Сүлейменова –  Оқу-ағарту министрі;

Арман Шаққалиев – Сауда және интеграция министрі;

Нұржан Нұржігітов – Су ресурстары және ирригация министрі;

Ақмарал Әлназарова – Денсаулық сақтау министрі;

Әлібек Қуантыров – Экология және табиғи ресурстар министрі.

Айдарбек Сапаров – Ауыл шаруашылығы министрі;

Асқарбек Ертаев – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

Ербол Мырзабосынов – Туризм және спорт министрі;

Саясат Нұрбек – Ғылым және жоғары білім министрі;

Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрі.

Бұған дейін Қорғаныс және Ішкі істер министрлері тағайындалғанын жазған едік.

Елдің жаңа Конституциясы бойынша Премьер-министрдің ұсынуымен Үкімет құрылымын Президент айқындайды. Президент  Құрылтаймен консультациядан кейін Премьер-министр ұсынған Үкімет мүшелерін тағайындайды. Ал сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін дербес тағайындайды.

Комментарии
Другие материалы