Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады. Қаулы бүгін, 3 қыркүйекте Ақорда сайтында жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Тағайындалғандар:
Серік Жұманғарин – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі;
Жаслан Мәдиев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі;
Нұрлыбек Нәлібаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;
Қанат Бозымбаев –Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
Мәди Такиев – Қаржы министрі;
Нұрлан Сауранбаев – Көлік министрі;
Ерлан Сәрсембаев – Әділет министрі;
Мұрат Мұханов – Төтенше жағдайлар министрі;
Ерлан Ақкенженов – Энергетика министрі;
Ерсайын Нағаспаев – Өнеркәсіп және құрылыс министрі;
Жұлдыз Сүлейменова – Оқу-ағарту министрі;
Арман Шаққалиев – Сауда және интеграция министрі;
Нұржан Нұржігітов – Су ресурстары және ирригация министрі;
Ақмарал Әлназарова – Денсаулық сақтау министрі;
Әлібек Қуантыров – Экология және табиғи ресурстар министрі.
Айдарбек Сапаров – Ауыл шаруашылығы министрі;
Асқарбек Ертаев – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Ербол Мырзабосынов – Туризм және спорт министрі;
Саясат Нұрбек – Ғылым және жоғары білім министрі;
Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрі.
Бұған дейін Қорғаныс және Ішкі істер министрлері тағайындалғанын жазған едік.
Елдің жаңа Конституциясы бойынша Премьер-министрдің ұсынуымен Үкімет құрылымын Президент айқындайды. Президент Құрылтаймен консультациядан кейін Премьер-министр ұсынған Үкімет мүшелерін тағайындайды. Ал сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін дербес тағайындайды.
The idea of mold at the neighbor's expense. Those who sold Russian wheat on behalf of Kazakhstan were arrested
KANAT AITBAYEV: In many “films,” there is no meaning, substance, moral lessons, or literary language at all
