Құдалардың қай жақтан екені айтылды. Тауман Назарбаевтың қалыңдығы кім?

297
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ZQANRJjqCIwtNjSjdPfrOLTdmfrJLoOFgHGvaamX.jpg

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 21 жастағы ұлы Тауман Сәрсембаевтар әулетімен құда болғалы отыр, деп хабарлайды "Адыреа" тілшісі Ұлысмедиаға сілтеп.

Басылымның мәліметінше, Тауман Назарбаевтың қалыңдығы — индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұрынғы орынбасары Әділбек Сәрсембаевтың қызы Айдана Сәрсембаева. Ол 2004 жылғы 24 желтоқсанда дүниеге келген.

Әділбек Сәрсембаев 48 жаста, Астанада туған. Мамандығы бойынша заңгер, саяси ғылымдар кандидаты. Ол мемлекеттік қызметте, Астана қаласы әкімдігінде, Президент Әкімшілігінде және «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясында қызмет атқарған.

Сәрсембаев 2020 жылы «Қазақстан инжиниринг» компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды. 2021 жылы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне келіп, 2022 жылғы тамызға дейін осы лауазымда жұмыс істеді.

Басылым мәліметінше, Тауман мен Айдананың үйлену тойын Астанадағы The Ritz-Carlton қонақүйінде өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар Әділбек Сәрсембаевтың есімі бұған дейін бірқатар қылмыстық істерге қатысты аталған. 2025 жылдың соңында оған қатысты соталды тергеу басталғаны хабарланды. Алайда нақты қандай бап бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны жарияланбаған.

Бұған дейін Сәрсембаевтың аты қорғаныс саласына қатысты 607,7 миллион теңгенің ұрлануы жөніндегі қылмыстық іс бойынша сот материалдарында аталған. Сот оны қаражатты жымқыру ісіне қатысушы деп танымаған.

Комментарии
Другие материалы