"Қоқиқаздар да балапандарын балабақшаға өткізеді"

57
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/dWT0AjNcZ4cXCmcYNIdmJDyElYGXG42iMLIwPLvE.jpg

Ақмола облысында «Фламинго фест – 2026» шарасы ұйымдастырылып, өңірге алыс-жақын аймақтан БАҚ өкілдері мен табиғат жанашырлары қатысты. 

Аудан тұрғындары мен қонақтарына арнайы ұйымдастырылған мерекелік шарада ән-би, қолөнершілердің жәрмеңкесі өтті. 

Одан бөлек, жиылған жұрт Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында қоқиқаздардың тіршілігі мен олардың табиғи ортадағы ерекшеліктерімен танысты..

Қорық мамандарының айтуынша, қоқиқаздар жұбын бірнеше жылға немесе өмір бойына таңдауы мүмкін. Құстардың негізгі жауларының қатарында шағалалар бар.

Қоқиқаздар балапандарын арнайы топқа біріктіріп өсіреді. Сондай-ақ олардың қоректенуі мен қауырсынының түсі жейтін азығына байланысты өзгеретіні айтылды.

Толығырақ adyrna.kz арнасына көріңіз!

Комментарии
Другие материалы