Фото:antikor.info
Әзербайжан, Түркия және Өзбекстан әскери қызметшілерінің қатысуымен «Бірлік күші – 2026» атты бірлескен әскери оқу-жаттығу өтеді. Бұл туралы Әзербайжан Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".
Оқу-жаттығу үш кезеңнен тұрады. Әскери маневрлер Әзербайжандағы Қарабақ экономикалық ауданындағы Қызылкая оқу-жаттығу орталығында, Нахчыван Автономиялық Республикасындағы Қарабағлар оқу-жаттығу орталығында және Әзербайжанның Каспий теңізіндегі аумақтық суларында орналасқан Бүйүк-Зира полигонында ұйымдастырылады.
Маневрлерге үш елдің әскери қызметшілерімен қатар жауынгерлік техника, теңіз және әуе көліктері, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылады.
Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – әскери бөлімдердің бірлескен операцияларға дайындығын арттыру, өзара іс-қимылды жетілдіру және әскери дайындық рәсімдерін біріздендіру. Сонымен қатар оқу-жаттығу барысында әскерлердің жаңа жауынгерлік мүмкіндіктерін дамыту көзделген.
Ведомствоның мәліметінше, Түркия Қарулы күштерінің әскери қызметшілері мен авиациялық техникасы оқу-жаттығуға қатысу үшін Әзербайжанға келіп үлгерген.
Әзірге Әзербайжан тарапы «Бірлік күші – 2026» оқу-жаттығуының нақты басталу және аяқталу күндерін жариялаған жоқ.
