Жаңа аппаратпен жиын. Президент Қауіпсіздік кеңесінде қазіргі сын-қатерді айтты

364
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ICU3bG1TJwSGOL6fqeE2td9UZQR0yBz0gQVJPyuK.jpg

Президент, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев дербес мемлекеттік орган ретінде құрылған Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының алғашқы кеңесін өткізді. Бұл туралы бүгін, 23 қыркүйекте Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысы Аппараттың жаңа мәртебесін мемлекеттік институттарды реформалау үдерісімен сабақтастыра қарастыру қажет екенін атап өтті.

«Әлемдік ахуал жедел құбылып жатқан кезеңде Қауіпсіздік Кеңесі аса маңызды мәселелер бойынша нақты әрі жан-жақты сараланған шешімдер қабылдайтын орталыққа айналуы тиіс»,– делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі сын-қатерлердің сипаты едәуір өзгергеніне назар аударды. Осы орайда киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жасанды интеллектіні қолдануға баса мән берілді.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы алдағы уақытта өзектілігі арта түсетін ақпарат, технология, азық-түлік, су және энергетика қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше тоқталды. Президент аталған салалардағы басымдықтарды белгілеп, «Заң мен тәртіп» қағидатын негізгі бағдар ретінде атады.

Кеңес қорытындысы бойынша Аппаратқа бірқатар нақты міндет жүктелді. Атап айтқанда, Қазақстанның ұлттық мүддесін, егемендігі мен тұрақтылығын қорғау Қауіпсіздік Кеңесі жұмысының тиімділігін айқындайтын басты өлшем болуы тиіс.

Бұған дейін қос палаталы парламентте мәжіліс төрағасы болған Ерлан Қошановтың
Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланғанын жазған едік.

Комментарии
Другие материалы