Кремль Ақордаға көңіл айтты

241
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/vncprB8y5JBwSmHJr43gLwWLgf4QgxAa5t7MAEBr.webp

Ресей президенті Владимир Путин Каспий теңізінде Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болған қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты. Хат Кремльдің сайтында жарияланған, деп хабарлайды "Адырна".

"Қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтып, қолдау білдіретінімді жеткізуіңізді сұраймын. Ресейде олардың қайғысына ортақтасады", – делінген хатта.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде 19 әскери қызметшіні теңізге ағызып әкеткен. Олар Каспий жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырма орындап жатқанда ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген.

Қорғаныс министрлігінің алдын ала мәліметінше, кем дегенде 12 әскери қызметші қаза тапқан. 

Бұған дейін 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланғаны хабарланған.

Комментарии
Другие материалы