Ашық есік күні өтті

193
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OJ64pEMk6vlyMyRQbWuAFHe82jxYoeNyIaZbykk7.jpg

Еңбек күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында Астана қаласы әкімдігінің КММ «Еңбек мобильділігі орталығы» ұйымдастырған «Әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша Ашық есік күні» өтті.

Іс-шараға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының өкілдері қатысып, елорда тұрғындарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында тұрғындардың өздерін қызықтырған бірқатар өзекті сұрақтарына жауап берілді. Атап айтқанда:

алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) ұйымдарына, оның ішінде «UMC» КФ және ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына тіркелу;

ересектерге стоматологиялық көмек көрсету, оның ішінде жарықпен қатайтылатын пломба салу және «Севоран» препаратымен емдеу;

бейінді мамандарға, оның ішінде аритмолог пен эндокринологқа жолдама алу;

МРТ-ға жолдама алу;

ұзақ мерзімді еңбек демалысы кезеңінде сақтандырылу мәртебесін анықтау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар елорда тұрғындары МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесін қалай алуға болады, сақтандырылу мәртебесін қалай тексеруге және жарналарды қалай төлеуге болады деген сауалдарына нақты түсіндірмелер алды.

Осындай ақпараттық-түсіндіру кездесулері халықтың МӘМС жүйесі туралы хабардарлығын арттыруға, азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін білуіне және медициналық көмекті алу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алуына мүмкіндік береді.

Өз құқығыңды білу – сапалы медициналық көмекке қол жеткізудің маңызды қадамы!

Комментарии
Другие материалы