МӘМС-тің мүмкіндіктерінен қапы қалмайық!

195
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ONfn5eHdPEsBa7GGL0yJ4nigBe65qH8k35KxXY5e.jpg

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бүгінгі таңда Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің ажырамас бөлігі. Еліміздің көптеген тұрғындары үшін медициналық сақтандыру бір нәрсеге немқұрайды қарау емес, ол - қажетті дәрігерлік көмекті дер кезінде алу, заманауи жоғары технологиялық әдістерді қолдана отырып, құны қымбат тексерулерден өтіп, толық емделуге деген мүмкіндік.

Қазіргі кезде елордадада МӘМС жүйесі қалай жұмыс істейді, ол тұрғындарға қандай мүмкіндіктер туғызып отыр, медициналық көмектің сапасы мен дәлелділігіне қалай бақылау жүргізіледі және жүйені сандық жағынан жетілдіру қандай өзгерістерге әкеледі?

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, қазір елорда халқының саны 1 668 750 адамды құрайды. Астананың 1 440 865 тұрғыны немесе халықтың 86,34 пайызы МӘМС жүйесіне тіркелген. Бұл негізінен көзге ғана көрінетін жоғары көрсеткіш. Алайда, қаланың әрбір 8-інші тұрғыны міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелмеген. Жүйеге тіркелгісі келетін және дәрежесін қалпына келтіруге мұқтаж 227 885 адам бар. Сақтандырылмағандардың үлесі 86,34 пайызды құрайды. 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелмегендердің орташа портреті мынадай: ерлер — 121 134 (53,16 пайыз), әйелдер — 106 751 ( 46,84 пайыз). Негізгі топ – еңбек етуге қабілетті жастағы ер адамдар. 25-45 жас аралығындағы адамдардың тобында сақтандырылмағандардың саны 128 947 адам (59,3 пайыз). Бұл халықтың экономикалық белсенділігі жоғары бөлігі. Сақтандырылмаған адамдардың 41,2 пайызы төлем жасамаған, бұл оларды МӘМС жүйесіне тартудың алғышарты болып табылады. Алайда осы көрсеткіш үнемі өзгеріп отырады. Бұл ең алдымен, елорда халқының белсенді көші-қонына байланысты. Астана қарқынды дамып келеді, мұнда еліміздің әр өңірінен адамдар көшіп келеді, осы үдеріс халықтың сақтандыру дәрежесінің динамикасына да әсер етеді. Бұл жерде халықтың көп бөлігін қамту кезінде құрылымға қатысты мына мәселе елеусіз қалады: МӘМС жүйесіне тіркелмегендердің едәуір бөлігі – дәрежесінің өзгеруіне, жұмысынан айрылуына немесе жеңілдік кезеңінің аяқталуына байланысты сақтандыру жүйесінен шығып қалған, бірақ бұрын МӘМС-ке төлем жасап келгендер не істейді?

Мәселен, 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Астана тұрғындарының сақтандырылу деңгейі 86,9 пайызды құрады. Бұл көрсеткіштің өзгеруі өзінің сақтандыру дәрежесін үнемі тексерудің және МӘМС жүйесіне қатысуға байланысты мәселелерді дер кезінде шешудің маңыздылығын тағы да көрсетіп отыр. Бұл бағытта филиалдың халықты ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімі белсенді жұмыс жүрзігіп келеді. Медициналық ұйымдарға барып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Сауда-саттық және ойын-сауық орталықтарында «Денсаулық аралы» атты көшпелі акциялар өткізіледі, онда медициналық ұйымдар өкілдерімен бірлесіп МӘМС-тің артықшылықтары туралы халыққа кеңірек мағлұмат беріледі. 

Бүгінгі таңда медициналық ұйымдарды қаржыландыру деңгейінің өскенін көріп отырмыз.  Мәселен, 2026 жылға арналған медициналық көмек көрсету бойынша қызмет түрлерін сатып алу жоспарына сәйкес, 306,2 млрд теңгеге медициналық қызметтерді сатып алу келісім-шарттары жасалды. Өткен жылмен салыстырғанда қаржыландыру көлемі 35,5 млрд теңгеге ұлғайды.

МӘМС тұрғындардың айтарлықтай шығындарды қажет ететін медициналық көмек алу мүмкіндігін едәуір кеңейтті. Медициналық көрсетілімдері дәлелденген және жүйеге тіркелген кез-келген адамның МӘМС қаражаты есебінен құны қымбат тұратын тексерулерден өтуге, емделуге және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді тұтынуға мүмкіндігі бар. Атап айтсақ, ол компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, мамандандырылған медициналық көмек, стоматологиялық қызметтердің жекелеген түрлері, сондай-ақ заманауи медициналық технологияларды қолданатын күрделі оталар. 

Астанада заманауи технологиялардың емделушілер үшін қолжетімді болуына қатысты көптеген мысалдар келтіруге болады. Мысалы, «Ұлттық нейрохирургиялық орталық» АҚ-да ми мен жұлынға, омыртқаға күрделі оталар жасалады, соның ішінде «гамма-пышақ» жабдығы және гибридті операциялық бөлме сияқты заманауи технологиялар қолданылады. «Гамма-пышақ» жоғары технологиялық жабдығының қызметтерін 2026 жылдың 8 айында МӘМС жүйесіне тіркелген 355 емделуші (бұған 697 586 971 теңге жұмсалды) пайдаланды. МРТ қызметтерін 1 млн 469 мың адам, КТ қызметтерін –1750 адам пайдаланды.

Бүгінгі таңда трансплантология саласында да үлкен мүмкіндіктерге жол ашылды. «University Medical Center» корпоративтік қорында донорлық органдарды, соның ішінде балаларға өкпе, жүрек және бүйрек трансплантациялары жасалады. Мұнда донорлық органдарды сақтау мен тасымалдаудың инновациялық технологиялары енгізілуде.

Балаларға арналған медициналық көмекке қатысты мәліметті бөлек келтірейін. Мысалы, «№2 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-да кохлеарлық имплантациялар, фармакорезистентті эпилепсия кезінде вагус нервін ынталандыру бойынша операциялар жүргізіледі, капсулалық эндоскопия қолданылады. 2026 жылдың сегіз айында мұнда 50 кохлеарлық имплантация, 4 вагус нервін ынталандыру операциясы және капсулалық эндоскопия әдісімен 6 зерттеу жүргізілді. Жыл басынан бері «Академик Н. Д. Батпенов атындағы Ұлттық Травматология және ортопедия ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК-да эндопротездеуге байланысты 140 адамға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілді, 99 жамбас буынын, 25 тізе буынын ревизиялауға қатысты көмек көрсетілді және жұлын синтезінің вертебрологиясы бойынша 16 ота жасалды.  

  «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» АҚ-да протонды терапияны қолдану сау тіндерге сәулелік жүктемені азайтып, тіпті ең күрделі клиникалық жағдайларда да терапияның тиімділігін арттыра отырып, ісікке барынша дәл әсер етуге мүмкіндік береді. Арнайы орнатылған жабдықтар жыл сайын 4 мыңға жуық емделушіні заманауи сәулелік терапиямен, ал 800-ге дейін емделушілерді Протон терапиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық қазір Орталық Азиядағы жоғары технологиялық сәулелік терапияның негізгі орталықтарының бірі болып табылады.

Бұл тек жекелеген мысалдар. Ең бастысы, емделушінің медициналық көрсеткіштері болған жағдайда мұндай көмек МӘМС қаражаты есебінен ұсынылады. Осылайша, жүйе сақтандырылған емделушілерге қажетті ем-домды, соның ішінде жоғары технологиялық және қымбат ем-домды қабылдауға мүмкіндік береді.

  Бүгінде МӘМС жүйесі дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. «МӘМС 2.0» және Qalqan бірыңғай цифрлық платформасын енгізу ең алдымен қаржыландырудың ашықтығын арттыруға, техникалық қателерді азайтуға және жүйе қаражатын неғұрлым тиімді пайдалануға бағытталған.

Маңызды аспектілердің бірі - медициналық көмекті қаржыландыру тәсілдерін өзгерту. Медициналық ұйымдар үшін қаржылық тәуекелдерді азайту, техникалық қателерді азайту және соның салдарынан айыппұл санкцияларын қолдану жағдайларының санын азайту көзделіп отыр.  Qalqan платформасы өтінімдерді қабылдаудан және қаржыландыру көлемін бөлуден бастап траншеяларды, шарттар мен төлем құжаттарын қалыптастыруға дейінгі негізгі процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бұл медициналық ұйымдарға әкімшілік жүктемені азайтады және адам факторының әсерін төмендетеді.

Астана қазір цифрлық трансформацияны практикалық тұрғыдан толық енгізді деуге болады. Жүйеге қатысатын барлық 134 медициналық ұйым толығымен цифрландырылған және жаңа форматта жұмыс істеуге дайын. Бүгінгі таңда 34 ұйым Qalqan платформасы арқылы шарттарға қол қойды, ал бірқатар ұйымдарда төлем құжаттары жасалып, актілерді қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жерде Qalqan цифрлық платформасы денсаулық сақтау саласындағы шашыраңқы ақпараттық жүйелерді біріктіруге арналғанын есте ұстағанымыз абзал. 

Тағы бір маңызды бағыт — сандық антифродтық бақылау. Бұл тіркеулерді, медициналық қызметтердің қайталануын, негізсіз ауруханаға жатқызуды, көрсетілген көмек көлемінің жасанды ұлғаюын және басқа да заң бұзушылықтарды автоматты түрде анықтауға мүмкіндік беретін аналитикалық құрал. Яғни, мұндай жағдайда цифрландыру қағаз құжаттардан электронды құжаттарға көшу дегенді білдірмейді. Бұл - қаржыландыру мен медициналық көмек көрсетудің әрбір кезеңі неғұрлым түсінікті және бақыланатын барынша ашық жүйені құру мүмкіндігі.

Болжам бойынша, жаңа тетіктерді қолдланысқа енгізу денсаулық сақтау жүйесінің тиімсіз шығындарын орта есеппен 5-10 пайызға төмендетеді. Бұл ретте қаражатты үнемдеуге қол жеткізіп қана қоймай, оларды неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, соның ішінде медициналық көмекті дамыту және оның халық үшін қолжетімділігін арттыру аса маңызды. Түптеп келгенде, «МӘМС 2.0» сақтандыру жүйесін медициналық ұйымдар үшін де, емделушілер үшін де орнықты, ашық және ыңғайлы етері анық. 

Қайрат ТӨЛЕГЕНОВ,

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы.

Комментарии
Другие материалы