Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды

217
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/olno5z3dV3HXkkUVkb4W0SB8OMHfNeUxCrppG4ta.jpg

Фото:ҰОК

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 2026 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанды. Финалдық кездесуде ол Иордания өкілі Зеяд Ишаишпен жұдырықтасты, деп хабарлайды "Адырна".

Жекпе-жек басталмай тұрып-ақ екі спортшы арасында эмоциялық жағдай байқалды. Иорданиялық боксшы қазақстандықты кеудесінен итеріп жіберді. Ал гонг соғылғаннан кейін қарсыластар алғашқы секундтардан-ақ белсенділік танытып, ринг ортасында соққы алмасуға кірісті.

Біртіндеп Сабырхан арақашықтықты тиімді пайдалана бастады. Бойының ұзындығын ұтымды қолданған қазақстандық орта қашықтықтан шабуыл жасап, қарсыласына мүмкіндік бермеді. Бірінші раундтың қорытындысында төрешілер жеңісті бірауыздан Сабырханға берді.

Екінші раундта Ишаиш тактикасын өзгертіп, жекпе-жекті жақын қашықтықта өткізуге тырысты. Ол қазақстандықты арқанға ығыстырғанымен, Сабырхан қарсы шабуылдар арқылы қысымнан шыға білді. Раундтың соңына қарай қазақстандық бастаманы толық өз қолына алып, белсенді шабуылға көшті. Бұл кезеңде де төрешілер оның басымдығын мойындады.

Үшінші раундта Сабырхан қарқынын төмендетпей, қарсыласына бірінен соң бірін дәл соққыларын бағыттады. Хуктар мен жылдам комбинацияларды сәтті пайдаланған қазақстандық Ишаиштың шабуылдарынан да қорғана білді.

Осылайша үш раундтың нәтижесі бойынша Төрехан Сабырхан төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетіп, Азия ойындарының алтын медалін иеленді. Бұл Қазақстан құрамасының қоржынына түскен оныншы алтын жүлде болды. Сондай-ақ Сабырхан ұлттық құраманың бокстан осы турнирдегі алғашқы жоғары дәрежелі медалін жеңіп алды.

Бұған дейін Төрехан Сабырхан ширек финалда Өзбекстан өкілі Шавкатжон Болтаевты 5:0 есебімен жеңген еді. Кездесу барысында қазақстандық боксшы шабуылда белсенділік танытып, қарсыласының соққыларына жол бермеді.

Төреханның ағасы Махмұд Сабырхан да жарыста жүлдеге қол жеткізді. Ол жартылай финалдан кейін қола медаль иеленді. Алайда оның жеңілісіне қатысты төрешілер шешімі дау тудырған. Қазақстан бокс федерациясының өкілдері бұл шешіммен келіспейтінін мәлімдеді.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай да финалдық жекпе-жегін өткізеді. Ол Азия ойындарының алтын медалі үшін өзбекстандық Жахонгир Зокировпен кездеседі.

Комментарии
Другие материалы