Фото: Report
«Бірлік күші — 2026» әскери оқу-жаттығулары Өзбекстан, Әзербайжан және Түркия әскери қызметшілері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, жедел үйлесімділікке қол жеткізуге және тәжірибе алмасуға жақсы мүмкіндік болды. Бұл туралы оқу-жаттығу барысында Өзбекстанның Қорғаныс министрі Шухрат Холмухамедов айтты, деп хабарлайды “Адырна”.
«Оқу-жаттығу аясында әрбір әскери қызметші өзіне жауынгерлік жолдас тауып, жаңа білім мен тәжірибе алды, әскери даярлық деңгейін арттырып, жауынгерлік міндеттерді орындауға қажетті дағдыларды меңгерді деп сенемін», — деді ол.
Айта кетейік, оқу-жаттығу Әзербайжанда өтті. Оған Әзербайжан, Өзбекстан және Түркия әскери қызметшілері қатысқан болатын. Ал Иран, Словакия, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Пәкістан, Түркіменстан, Сербия және Біріккен Араб Әмірліктері бақылаушы ретінде қатысты.
