Қарин Жаһандық бейбітшілік қозғалысының маңызын атап өтті

281
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/vdAebOQElfxZVLu5OiiZSzzB6too1KTWuOFlorax.webp

Діни көшбасшылар Жаһандық бейбітшілік қозғалысының моральдық өзегіне айнала алады. Бұл туралы Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XXIV отырысында вице-президент, съез хатшылығының төрағасы Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оның айтуынша, 2022 жылы өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Жаһандық бейбітшілік қозғалысын құру туралы бастама көтерген. Ал VIII съезде бұл идеяны съезд аясында жан-жақты талқылауды ұсынған.

«Бұл бастама діни қауымдастықтардың бітімгерлік әлеуетін біріктіріп, халықаралық қатынастардағы рухани дипломатияның рөлін күшейтуге бағытталған», – деді Ерлан Қарин.

Ол сондай-ақ діни көшбасшылар зорлық-зомбылықты тоқтатуға және қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге үндейтін біріктіруші, саясиланбаған үндеу жасай алатынын атап өтті.

Қариннің сөзінше, VIII съездің қорытындысы бойынша қабылданған Астана бейбітшілік декларациясы бейбітшілік пен қауіпсіздік, экстремизмге қарсы күрес және діни нысандарды қорғау мәселелері бойынша ортақ ұстанымды айқындайды.

Сонымен қатар декларацияда жастар мен әйелдердің қоғамдағы рөлі, қоршаған ортаны қорғау және жаңа технологияларды қолданудың этикалық қағидаттары да қамтылған.

«Біз сондай-ақ декларацияны ілгерілету және оның іс жүзінде жүзеге асырылуын қолдау жөніндегі жол картасын қабылдадық», – деп қосты ол.

Комментарии
Другие материалы