Өртенген полицей мәйіті. Іске қатысты тергеу аяқталды

147
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/dyXURkkt2rKEvPa09aEKcSkCbRvxkywiEy8lqzzL.jpg

Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы 37 жастағы полицей Аслан Әлсеровтің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды "Адырна".

Полиция мәліметінше, қылмыстық іс материалдары істі сотқа жолдау мәселесін қарау үшін Алматы қаласының прокуратурасына жіберілді.

Аслан Әлсеровтің мәйіті биыл 23 маусымда Алматы облысындағы Көкпек – Көктал – Кеген автожолының 52-шақырымында, Кеген асуына жақын жерден табылған. Марқұмның денесі өртенген күйде болған. Оқиға орнын қарау кезінде криминалистер оның оң қолынан арқан қалдықтарын анықтаған.

Кейін қылмысқа күдікті ретінде полицейдің әйелі мен 14 жастағы ұлы ұсталған. Тергеу нұсқасына сәйкес, қылмыс Алматыдағы пәтерде жасалып, кейін марқұмның денесі қала сыртына шығарылып, өртелген.

Аслан Әлсеров полицияда аға жедел уәкіл қызметін атқарған. Оның жұбайы да құқық қорғау органдарында жұмыс істеген. Ерлі-зайыпты 15 жыл бірге тұрып, жеті бала тәрбиелеген.

Қылмыстық іс бойынша соңғы шешімді прокуратура қабылдайды.

Комментарии
Другие материалы