Ресей 60 күнге атысты тоқтатса, Украина президент сайлауын өткізеді – Зеленский

113
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/TWa6uSNRlrXu1QRtJ8CffBcLyfvwUom6ODEstFQ5.jpg

Фото: Alina Smutko/Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей 60 күндік атысты тоқтатуға келіссе, елде президент сайлауын өткізуге болатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол 11 қазанда, АҚШ-тың ABC телеарнасындағы This Week бағдарламасында айтты, деп хабарлайды “Адырна”.

«Путинге жеткізіңізші: бізге екі ай, яғни толық 60 күнге атысты тоқтату режимін қамтамасыз етсін. 60 күн берсе, біз сайлау өткіземіз», – деді Зеленский бағдарлама жүргізушісі Джонатан Карлмен әңгімесінде.

Сондай-ақ ол «Президент Трампқа деген құрметіме қарамастан», Украинаның басшысын таңдау құқығы ел азаматтарының өзінде болуы керегін атап өтті.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен америкалық миллиардер Илон Масктың Зеленскийді соғысты жалғастырып отыр деп айыптауына қатысты сұраққа жауап берген Украина басшысы Вашингтонның Ресей президенті Владимир Путинді қалай тоқтатуға болатынын әлі де таба алмай отырғанын айтты.

«Өйткені Путинді тоқтату басқаларға қысым жасаудан әлдеқайда қиын. Бағалар туралы айтып, оларды Украинамен байланыстыру әлдеқайда оңай», – деп қосты ол.

Зеленскийдің бұл мәлімдемесі Трамптың 10 қазанда Украинаға келісім жасай алатын жаңа президент табу қажет екенін айтқанынан бір күн өткен соң жарияланды.

«Ол (Зеленский — ред.) көптеген келісімдерге қол жеткізе алар еді, бірақ қандай да бір себеппен мұны ешқашан жасаған емес», – деген болатын АҚШ басшысы.

Сол күні Трамп Зеленскийді АҚШ-тың Ресей мұнай өңдеу зауыттарына (МӨЗ) жасалатын соққыларды тоқтату туралы өтініштерін елемеді деп айыптады. Оның айтуынша, бұл соққылар «жаһандық проблемаға» айналып отыр.

«Ол әлемге қиындық туғызғысы келеді. Ресей дизель отынының едәуір бөлігін әлемге жеткізетіндіктен, ол біздің фермерлерімізге де дизель отыны мәселесі арқылы қиындық тудырғысы келеді. Оған осы шабуылдарды тоқтатқан дұрыс, қарғыс атқыр!» – деді Ақ үй басшысы.

Зеленский Трамптың бұл сөздеріне 11 қазанда жауап берді.

«Бүгіннің өзінде энергетикалық нысандарға жасалатын соққыларды тоқтатуға мүмкіндік бар, бірақ Путин мұны қаламайды. Ресей біздің энергетикалық инфрақұрылымымызға шабуыл жасауды тоқтатса, Украина Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы беруді тоқтатуға дайын.

Эскалацияны бәсеңдетуге бағытталған кез келген қадам өзара сипатта болуы және нақты кепілдіктермен қамтамасыз етілуі керек», – деп атап өткен еді Украина президенті.

Комментарии
Другие материалы