Туыстардың атына тіркелген пәтер мен көлік әлеуметтік көмек алуға әсер етуі мүмкін

114
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/p7yam5jEeL21JQuHUZj52AjnLUz70ZmuH9HzCGYZ.jpg

Азаматтың атына рәсімделген туыстарының пәтері немесе автокөлігі әлеуметтік көмек тағайындау кезінде отбасының материалдық жағдайын бағалауға ықпал етуі мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Министрлік өкілдерінің түсіндіруінше, егер пәтер немесе көлік іс жүзінде туысына тиесілі болғанымен, құжат жүзінде басқа адамның атына тіркелсе, ақпараттық жүйелер бұл мүлікті сол адамның активі ретінде есепке алуы мүмкін.

Мұндай жағдайдың әлеуметтік көмек тағайындауға кері әсерін болдырмау үшін мемлекеттік дерекқорлардағы мәліметтерді нақтылап, қажет болған жағдайда түзету енгізу керек. Ол үшін азаматтар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне немесе жергілікті әкімдікке жүгіне алады. Сондай-ақ электрондық сервистерді пайдалануға мүмкіндік бар.

«Біз осындай жағдайларды реттеу үшін тиісті мүмкіндік қарастырып отырмыз. Мұндай жайттар кездесуі мүмкін, сондықтан әрқайсысын бірлесіп пысықтаймыз. Ешқандай мәселе туындамауы керек», – деді Ербол Тұяқбаев.

Комментарии
Другие материалы