Израильде парламент сайлауы өтіп жатыр

166
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/yv34HC6jZXK7Q0JhNd69vPzyYfh5Icosej5BHWed.jpg

Израильде Кнессет сайлауы басталды. Бұл туралы The Times of Israel басылымы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Дауыс беру учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де ашылып, 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Сайлауға тіркелген шамамен 7,3 миллион азамат дауыс бере алады.

120 орындық парламентке 36 партияның кандидаттары түсіп жатыр. Кнессеттен орын алу үшін партия сайлаушылардың кемінде 3,25 пайыз дауысын жинауы керек.

Израиль президенті Ицхак Герцог пен ультрадіни ШАС партиясының төрағасы Арье Дери дауыс беріп үлгерген.

Премьер-министр лауазымына негізгі үміткерлер — қазіргі үкімет басшысы, 77 жастағы Биньямин Нетаньяху мен Израиль қорғаныс армиясы Бас штабының бұрынғы бастығы, 66 жастағы Гади Айзенкот.

Нетаньяху оңшыл «Ликуд» партиясынан сайлауға түссе, Айзенкот өзі құрған центристік «Яшар» партиясын басқарады.

Комментарии
Другие материалы