Каспий теңізіндегі тексеріс. ҰҚК заң бұзғандар туралы айтты

116
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/gbAY4BhiwtVH2lmkrjJzCcSe0Xa1jKj8GtoLK2YC.webp

Қазан айында Каспий теңізінде жүргізілген арнайы жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында 126 құқық бұзушы ұсталып, 44 шағын көлемді кеме анықталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 11,5 келі есірткі заты және браконьерлік балық аулауға арналған 88 шақырым ау тәркіленген.

Сондай-ақ заңсыз орнатылған ауға түскен бекіре және өзге де балық түрлерінің 2 337-сі табиғи мекендеу ортасына қайта жіберілген.

Бұдан бөлек, құқық бұзушыларға 4,5 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынған. Ал мемлекетке келуі мүмкін 840 миллион теңгеден астам залалдың алдын алынған.

ҰҚК Шекара қызметі Каспий теңізінде белгіленген режим талаптарын сақтаудың маңызын еске салды.

Комментарии
Другие материалы