9 адам қаза тапты. Трамптың резиденциясына жақын маңда жеке ұшақ құлады

203
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/aOY5Xr15za1lMVtbwdPsmB5Yre17JU6ZVh7SEmql.jpg

АҚШ-тың оңтүстігіндегі Флорида штатының Гринейкрс қаласында Learjet 60 жеке ұшағы жылжымалы үйлер орналасқан тұрғын ауданға құлады. Бұл туралы New York Post жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Апат орнында өрт шығып, үйлердің үстін қою қара түтін басқан. Басылымның мәліметінше, тоғыз адам қаза тапқан.

Ұшақ Техас штатының Остин қаласынан Багам аралдарына бағыт алған. Құлау алдында Learjet ұшағы ағашқа соғылып, электр желілерін үзіп кеткен. Кейін тұрғын үй тіркемелерінің біріне барып соғылған. Алдын ала мәлімет бойынша, кем дегенде бір жылжымалы үй толығымен қираған.

BocaNewsNow басылымының жазуынша, ұшақ әуеде күрт оңға бұрылып, шамамен 2,4 мың метр биіктіктен жылдам төмендей бастаған.

Комментарии
Другие материалы