Қожа Ахмет Ясауи ордені Ердоғаннан кейін Рахмонға бұйырды

138
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/MokNU50JqvQ4j6ZnXKjhylNTzxMvjFYfeNxOYC9L.avif

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады. Салтанатты рәсімнен кейін Қазақстан Президенті тәжік әріптесін Назарбаев әуежайында шығарып салды, деп хабарлайды "Адырна". 

Марапаттау рәсімінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ пен тәжік халықтарын ғасырлардан тамыр тартатын достық, рухани үндестік және ортақ тарихи тағдыр байланыстыратынын атап өтті.

Президенттің айтуынша, Қожа Ахмет Ясауидің мұрасы – бүкіл өркениетке, соның ішінде ортақ рухани дәстүрлері қалыптасқан Орталық Азия халықтарына тиесілі қазына. Сондай-ақ ол ұлы ойшылдың ілімі адамгершілік, әділет, мейірім және гуманизм идеяларын дәріптейтінін айтты.

Биылғы мамыр айында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Астанаға сапарында Qoja Ahmet Yasaui орденінің алғашқы иегері атанған. Іле-шала ЮНЕСКО-ның бұрынғы бас директоры Одрэ Азулене ханым да Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапатталған 

Тоқаев Эмомали Рахмонды Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның Тәжікстанның мемлекеттілігін нығайтуға, қоғамдық келісімді сақтауға және елдің өркендеуіне қосқан үлесін атап өтті. Сондай-ақ оның Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтудағы, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы достық және одақтастық қатынастарды дамытудағы рөліне тоқталды.

Айта кетейік, Эмомали Рахмонның Қазақстанға ресми сапары 5–7 қараша аралығында өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды бүгін, 7 қарашада Астанадағы Назарбаев әуежайынан шығарып салды.

Бұған дейін де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге Ақаба процесі саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен келген Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевті елорда әуежайынан шығарып салған еді.

Комментарии
Другие материалы