Трамп АҚШ-тағы аралық сайлау нәтижесін ел үшін “кері қадам” деп бағалады

131
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/R9o45bYgno1WuS2x3ZhkGnVI6rkpWDagn0bqygWq.jpg

Фото: Andrew Harnik/Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Конгреске өткен аралық сайлаудың нәтижелеріне қатысты пікір білдіріп, оның елдің дамуына кері әсер еткенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол америкалық қор нарығындағы күрт құлдырауға назар аударды. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған, деп хабарлайды “Адырна”.

«Өткен сайлаудың нәтижелері Америка үшін тарихтағы орасан зор кері қадам болды. Тіпті Трамп тұсында зымырандай жоғарылаған қор нарығы бір күнде 3 триллион доллар жоғалтты. Бірақ алаңдамаңыздар, біз бұрынғыдан да қуатты әрі мықты болып қайта ораламыз», – деп жазды Дональд Трамп.

Айта кетейік, АҚШ-та 3 қараша күні Конгреске аралық сайлау өткен болатын. Сайлау барысында Сенаттың үштен бірі мен Өкілдер палатасының толық құрамы, сондай-ақ 36 штат пен аумақтың губернаторлары сайланған. Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарына да дауыс беру өткізілген.

Қазіргі уақытта Конгрестің қос палатасында да республикашылдар басымдыққа ие. Алайда сайлау қорытындысы бойынша жаңадан жасақталатын 120-шы шақырылымдағы Конгрестің Сенаты мен Өкілдер палатасында демократтар көпшілік орынға ие болады.

Жаңа шақырылымдағы Конгресс 2027 жылғы 3 қаңтарда жұмысын бастайды.

Комментарии
Другие материалы