Мәскеуге қарсы қозғалыс. Әзербайжан Ұлттық жаңғыру күнін атап өтуде

180
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/7OMY9H17SLfzb8bppjIRr1oJiFz0XWNUWtFZ5Ps5.jpg

Фото ЖИ көмегімен жасалды

17 қарашада Әзербайжанда Ұлттық жаңғыру күні атап өтіледі. Бұл мереке елдегі ұлт-азаттық қозғалыстың басталуымен және мемлекеттің тәуелсіздікке ұмтылу тарихымен байланысты, деп хабарлайды "Адырна".

Report.az агенттігінің мәліметінше, мерекенің тарихы 1988 жылдың қараша-желтоқсан айларында басталған ұлттық қозғалысқа барып тіреледі. Сол кезеңде Таулы Қарабақ мәселесіне қатысты Кеңес Одағы басшылығының саясатына наразылық күшейіп, Әзербайжанда кеңестік билікке қарсы халықтық қозғалыс өріс алды.

1988 жылғы 17 қарашада Бакудегі Азадлыг алаңында (сол кездегі Ленин алаңы) жаппай митинг басталды. Алаңға жиналған миллиондаған адам Мәскеудің Әзербайжанға қатысты саясатына қарсылық білдірді. Желтоқсан айының басында Кеңес Одағының ішкі әскерлері наразылық шараларын күшпен таратқанымен, бұл ұлттық-азаттық қозғалыстың одан әрі өрістеуіне кедергі бола алмады.

1990 жылғы 17 қарашада Нахчыван Автономиялық Республикасының Жоғарғы Кеңесі жаңа құрамдағы алғашқы сессиясын өткізді. Осы жиында автономия атауынан «Кеңестік» және «Социалистік» сөздері алынып тасталды. Сондай-ақ Әзербайжан Демократиялық Республикасының үш түсті туын мемлекеттік рәміз ретінде қалпына келтіру туралы шешім қабылданып, оны бүкіл республикада мемлекеттік ту ретінде бекіту жөнінде ұсыныс жасалды.

Бұл тарихи отырысқа Әзербайжанның бұрынғы президенті, жалпыұлттық көшбасшы Гейдар Әлиев төрағалық етті. Аталған шешім елдің ұлттық мемлекеттілігін жаңғырту және тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды.

Әзербайжанда Ұлттық жаңғыру күні 1992 жылғы 17 қарашада ресми түрде белгіленді.

Комментарии
Другие материалы