Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

2318
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/08/05a5f187-14e5-452e-aa4a-e124c44e25d9.jpeg
Мемлекет басшысының төрағалығымен Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтіп, қаруды өндіру мен сатып алу, сондай-ақ осы саладағы экспорттық бақылау мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың және Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың баяндамаларын тыңдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.
Комментарии
Другие материалы