LRT қашан бітеді? Елорда әкімі жауап берді

3164
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/izobrazhenie_2023-03-30_144340478.png
Тілшілер қауымы Астана әкімі Жеңіс Қасымбектен LRT құрылысын кім жалғастыратыны жөнінде сұрады, деп хабарлайды "Адырна".
«Бас мердігер – Қытай компаниясы. Сол компания аталған нысан құрылысын әрі қарай сала береді», - деді әкім.
Сондай-ақ, ол вагондарға да бас мердігер тапсырыс беретінін айтты.
«Нысанның жылжымалы құрамына да солар тапсырыс береді. Бас мердігер белгілі болғандықтан, нысанды өзі аяғына дейін жеткізеді», - деді Жеңіс Қасымбек.
Еске салсақ, мемлекет басшысы елорданы дамыту жөніндегі жиында LRT жобасына ерекше атап өткен еді.
«LRT-ға қатысты жұмысты мейлінше тездетіп аяқтау керек. Мен бұрын да айттым, LRT жобасы негізінен қате болды. Бірақ қазіргі таңда басқа амалымыз жоқ, бұл жобаны жүзеге асыруымыз керек. LRT-ның құрылысын тоқтатсақ, шығын одан да көп болады. Ал, балама жобалар жоқ. Жалпы, әкімдікке Үкіметпен бірлесіп, Астананың көлік жүйесін дамытуға арналған кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырамын»,  – деді Тоқаев.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы