Азия ойындарында қазақстандық спортшылар тағы үш медаль жеңіп алды

3257
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/whatsapp-image-2023-10-03-at-10.19.58.jpeg

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында эстафеталық жүгіру сайысында Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы туризм және спорт министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

4×400 метрге эстафеталық жүгіру сайысында Қазақстан құрамасы Дмитрий Коблов, Александра Залюбовская, Давид Ефремов, Аделина Земс) Бахрейн мен Үндістаннан кейінгі 3-орынды иеленді. Естеріңізге салайық, 2018 жылы аралас эстафетадан спортышыларымыз күміс жүлде алған. Сонымен қатар Мария Бровкова байдаркада және каноэде есуден жекелей жарыстың WС1 200 м бағдарламасында қола медаль жеңіп алды. Ал ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды. Байдаркада және каноэде ескек есуден жұптық жарыстың MС2 1000 м бағдарламасында өнер көрсеткен отандастарымыз 3:49 уақыт көрсеткішімен 2-ші келді.

«Адырна» ұлттық порталы.

Комментарии
Другие материалы