Бүгін – Құтқарушылар күні. Бұл мамандықтың абыройы - адам өмірін өлімнен арашалап қалатын ғажайып іспен өлшенеді. Бүгінде өрт сөндіру қызметі саласында 6 жылға жуық қызмет етіп, адам өмірін арашалап жүрген Әділ Еркінұлымен әңгімелесіп көрдік.
Әділ Еркінұлы – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы. Әділ мырза, бұл салаға қалай келдіңіз? – Әскери мамандықты таңдау бала кезден арманым. 2014 жылы Көкшетау қаласындағы әскери институтқа түсу үшін ҰБТ тапсырып, өте алмай, әскерге кеттім. Өзім ағам әскери адам болған соң, қызығатынмын. Әскерден келген соң, «набор» болып жатыр дегенді естіп, қазіргі мамандығыма оқуға түстім. 2018 жылы осы сала бойынша жұмысымды бастадым. 6 жыл болды. Тікелей өзіңіз адам өміріне араша түскен кезіңіз болды ма? – Иә болды. 2022 жылы қарашада Алматы қаласы, Бостандық ауданында (нақты мекені есімде жоқ) 2 жасар қызды өрттің ішінен алып шықтым. Сол кезде депутат Ардақ Назаров көріп, өзінің инстаграм парақшасына салған. Нәтижесінде Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтан «Ерлігі үшін» медаль алдым.

Динара Боранбай «Адырна» порталы