Қостанайда полиция қызметкері әйелін өлтірді деген күдікке ілінді

3352
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/photo-output-19-960x500.jpeg?token=439e9f87220db32d2406adab56fc7606
Қостанай облысында полиция қызметкері әйелін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Облыстық полиция департаментінің айтуынша, марқұм әйел де құқық қорғау органдарында жұмыс істеген.
«Әйелдің денесі 1 қараша күні таңертең өз үйінің ауласынан табылды. Оны өлтірді деген күдікке полицейдің жұбайы ілініп отыр. Ерлі-зайыпты ажырасатын уақытты күтіп жүрген»,—деді басқарманың баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Комментарии
Другие материалы