“АрселорМиттал Теміртау” компаниясын қазақстандық инвестор сатып алады - Роман Скляр

4935
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/641f5cc4-6177-4e65-992e-dba9f055dcba.jpeg
“АрселорМиттал Теміртау” компаниясын қазақстандық инвестор сатып алатыны айтылды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр үкімет брифингінде «АрселорМиттал Теміртауды» қазақстандық инвестор сатып алатынын мәлімдеді. «Қазір біз компанияның атын атай алмаймыз, бірақ кәсіпорынды нарықтық бағамен сатып алатын қазақстандық инвестор болады», - деді ол. Ол бірінші кезекте оның өнеркәсіптегі қауіпсіздікке көбірек көңіл бөлінетінін атап өтті. «Инвестициялар көлемі бір миллиард доллардан асады», - деді ол. Компания басшылығы Костенко атындағы шахтада 28 қазаннан бастап жұмыстың барлық түрі тоқтатылғанымен, кеншілердің табыс деңгейі төмендемейтінін айтты. 1-27 қазан аралығындағы жұмысшыларға еңбекақы толық төленеді. 28 қазаннан 31 қазанға дейін жұмыс тоқтатылған кезде орташа жалақы көлемінде төлемдер жүргізіледі.
Комментарии
Другие материалы